Үш күнге арналған ауа райы болжамы

<h4 align="center" style="text-align: left;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.</h4>

20 Қаңтар 2020 2020, 15:45
АВТОР
 20 Қаңтар 2020 2020, 15:45
20 Қаңтар 2020 2020, 15:45
1569

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанға Атлантикалық ауа массаларының түсуінің жалғасуы  республиканың көптеген облыстарында жоғары аномалды ауа температурасын сақтап тұрады. Күндізгі ауа температурасы барлық аймақтарда дерлік 0-ден минус 8°С-ге дейін, қиыр оңтүстікте 0-ден плюс 5°С-ке дейін болжанады. Ал Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінен екпінді жел мен бұрқасын болып, қар жауады және оңтүстік облыстарында – жылбысқы қар, тұман және көктайғақ болады. Бұрқасын мен тұманның кесірінен жолдардағы көріну қашықтығын 50...500 м-ге дейін төмендетеді, - делінген хабарламада.

 



Наверх