ҚарМу ректоры пара берді деген күдікке ілінді

10 Қыркүйек 2019, 11:44
2554
Бөлісу:
ҚарМу ректоры пара берді деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры пара берді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

«ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ-ның басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру және қамқорлық туралы мәселені оң шешу үшін 5 мың доллар пара берді деген күдікке ілініп отыр», - делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының пара алу фактісі бойынша тергеу жүріп жатқаны да айтылды.

Кінәсінің дәрежесіне байланысты күдіктілерге қатысты нақты шешімді сот шығарады.



Өзгелердің жаңалығы