Армиялық халықаралық ойындарға қатысушылар жарыстар өткізілетін орындарға жіберілуде

9 Тамыз 2021, 19:34
2223
Бөлісу:
Армиялық халықаралық ойындарға қатысушылар жарыстар өткізілетін орындарға жіберілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде «Аттар марафоны» конкурсына қатысатын Қазақстан әскери қызметшілерінің командасы Ресейге аттанды. Жарыс Кызыл қаласында (Тыва Республикасы) өтеді деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы конкурсқа әскери қызметшілер бес ай дайындалды. Команданың негізгі құрамы тау-егерьлік полк әскери қызметшілері қатарынан құрылған. Олар ақпан мен маусымда өткен бірнеше іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша анағұрлым даярланған мамандар қатарынан іріктеліп алынды. Әскери қызметшілерді жібергенге дейін оларды жаттықтыру осы бөлімшенің базасында өтті.

Армиялық халықаралық ойындарға қатысушылар жарыстар өткізілетін орындарға жіберілуде

Қарқынды жаттығулар кезінде команда өз нәтижелерін жақсарта түсті. Бұл өз кезегінде бізге жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, полковник Дәурен Хамитов.

Қазақстан командасының Ресейге кетер алдындағы соңғы даярлық кезеңі саптық байқау болды. Оны Қорғаныс министрінің кеңесшісі, генерал-майор Әділбек Алдабергенов өткізді.

Сіздер жарыста өз кәсіби шеберлігіңізді көрсете отырып, ең үздік нәтижеге қол жеткізуге, қарсыластарымызға лайықты бәсекелес болуға тиіссіздер. Сіздердің әрбір жетістігіңізге қарап, біздің армиямызды, біздің елімізді бағалайтын болады, – деді ол.

Халықаралық конкурста Қазақстан әскери қызметшілерінің қарсыластары Зимбабве, Иран, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан командалары болады.

Армиялық халықаралық ойындарға қатысушылар жарыстар өткізілетін орындарға жіберілуде

«Аттар марафоны» конкурсына командалар жергілікті жермен танысу және бейімделу үшін, ең бастысы, жаттығулар өткізу үшін ертерек барады. Өйткені жарыс шарттары бойынша қатысушыларға аттарды қабылдаушы тарап береді. Қатысушыларға тек өзінің ат-әбзелін пайдалануға рұқсат етілген.

«Аттар марафоны» командасымен бір уақытта «Десанттық взвод» және «Эльбрус шеңбері» конкурстарының қатысушылары да ойын өтетін жерлерге кетті.


Өзгелердің жаңалығы