Арменияда сайлаушыларға пара беру ісі бойынша күдіктілер ұсталды

Сайлаушыларға пара беру ісі бойынша ұсталғандардың үшеуі қамауға алынды.

 ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов Бүгiн 2026, 11:15
Бүгiн 2026, 11:15
124
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Арменияда 29 сәуірде «Күшті Армения» партиясының атынан сайлаушыларға пара беру және алу ісі бойынша ұсталған бес адамның үшеуіне қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, деп хабарлайды BAQ.KZ армяндық БАҚ-қа сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, 29 сәуірде Арменияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті «Күшті Армения» партиясының атынан әрекет еткен бес адамды сайлаушыларға жасырын түрде пара берді деген күдікпен ұстаған.

Еске сала кетейік, 16 сәуірде Арменияда осы іс аясында «Күшті Армения» партиясының 14 мүшесі ұсталған болатын. Кейінірек партияның 12 жақтаушысы үйқамаққа алынған.

Наверх