Арменияда сауда орталығында жарылыс болды

15 Тамыз 2022, 21:08
834
Бөлісу:
Арменияда сауда орталығында жарылыс болды

Еревандағы сауда орталығында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 3 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Тағы 22 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Олар үйінді астында қалуы мүмкін деген болжам бар. Оқиға орнында дәрігерлер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, мерекелік заттар қоймасындағы жарылыс кеше болған еді. Жалпы 60-тан астам адам ауруханаға жеткізілген. 

Қиранды астында адамдар қалуы мүмкін. Оларды алып шығу үшін полиция мен медицина қызметкерлері жанталаса жұмыс істеп жатыр, – деді Арменияның ұлттық жиналыс төрағасы Ален Симонян.

Өзгелердің жаңалығы