Арман Оспанов UFC-ге қашан ауысуы мүмкін?

10 Маусым 2021, 03:21
960
Бөлісу:
Арман Оспанов UFC-ге қашан ауысуы мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ММА мен панкратион федерациясының президенті Сағындық Мекеев отандық файтер Арман Оспанов (11-3) UFC-ге қашан ауысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Оспанов қазір америкалық PFL промоушенінде өнер көрсетеді, алғашқы қарсыласы америкалық Крис Уэйд (18-6) болады. 

Sports True Youtube-каналына берген сұхбатында Мекеев Оспановтың карьерасына болжамын жасады. Ол «Арман бұл лигада жеңіске жетсе, бірден UFC-ге ауыса ала ма?» деген сұраққа жауап берді. 

 

Мүмкін. Бірақ ол жақта Гран-при бар, бір жекпе-жек емес - жеңіске жетсе, тағы да төбелесіп, миллионды сарапқа салады. Бірақ ол PFL-ге әдейі барды. Оның үстіне, менеджері Абдель-Азиз тәжірибелі. Сондықтан Арман ол жақта сәтті өнер көрсетуге тырысады. Бәрі жақсы болса, кейін неге UFC-ге ауыспасқа?, - деп жауап берді Мекеев. 


 

Өзгелердің жаңалығы