Әріптестерінің атынан несие алған түркістандық қыз ұсталды

4 Қазан 2021, 20:17
6376
Бөлісу:
Әріптестерінің атынан несие алған түркістандық қыз ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан полицейлері әріптесінің атынан несие рәсімдеген күдікті бойжеткенді ұстады. Бұл туралы Төлеби аудандық ПБ баспасөз қызмсеті хабарлады.

Төлеби аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс азамат оның атынан 90 мың теңге онлайн несие алған. Яғни жәбірленуші банк қосымшасынан хабарлама келгенде өзге біреудің несие алғанын біледі. Содан бірден төлебилік тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған. Аталған дерек ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Төлеби ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді.

Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Белгілі болғандай күдікті бойжеткен жәбірленушінің әріптесі болып шықты. Қазіргі таңда бойжеткенге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәліктеріңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай интернет-алаяқтығының куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз - дейдіқұқық қорғаушылар.
Өзгелердің жаңалығы