БҰҰ: әлемде 617 млн бала мүлдем әріп танымайды

27 Қаңтар 2020, 19:10
1455
Бөлісу:
БҰҰ: әлемде 617 млн бала мүлдем әріп танымайды

Алматы, BAQ.KZ. БҰҰ штаб пәтерінде алғаш рет Халықаралық білім күніне арналған отырыс өтті. 

Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Жиын барысында сөз сөйлеген Бас Ассамблея төрағасы Тиджани Мұхаммед-Банде бүгінде әлемде 260 миллиондай бала мектепке бармайтынын мәлімдеді. Ал 617 млн бала мүлдем әріп танымайды екен. 

Бұдан бөлек, түрлі қақтығыстар кесірінен қоныс аударуға мәжбүр болған 4 миллиондай босқынның білім алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан осындай түйткілді мәселелерді реттеу мақсатында БҰҰ шежіресінде осы бір маңызды дата пайда болған. 

Білім саласы инвестицияға мұқтаж. Мамандардың есебінше, аталған салаға жылына 39 түйткілге жаһан жұртының назарын аудартуы қажет. Біз миллиондаған бала мен жеткіншектің білім алуына жағдай жасауға міндеттіміз. Өз мүмкіндігін жүзеге асыра алмай жүрген мыңдаған адамның да алдында жауаптымыз. Сол себепті қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, - дейді БҰҰ бас хатшысының орынбасары Амина Мұхаммед.

Өзгелердің жаңалығы