Арина Шульгина мен Аян Бейсенбаев триатлоннан ел чемпионы атанды

11 Сәуір 2021, 12:03
1485
Бөлісу:
Арина Шульгина мен Аян Бейсенбаев триатлоннан ел чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан 17 атлет қатысқан болатын.

Қатысушылар супер-спринтерлік қашықтан, 300 метрге жүзуден, 8 шақырымдық веложарыстан және 2 шақырымға жарысудан бақ сынады деп хабарлайды Olympic.kz.  

Әйелдер арасындағы бәсекеде Арина Шульгина (Қостанай облысы) жеңіске жетті. Екінші орында елордалық Екатерина Шабалин, үшінші орынды Юлия Озерова.  

Ерлер арасындағы додада Ақмола облысының өкілі Аян Бейсенбаев топ жарды. Күміс жүлдені Дарын Қонысбаев, қоланы Мейірлан Ысқақов иеленді.  

Турнирде барлық санитарлық талаптар сақталды. Қатысушылар мен жарысты ұйымдастырушылар ПТР тест тапсырған соң турнирге жіберілді.  

Айта кетелік, Қазақстан командасы 23-25 сәуірде Жапонияда өтетін Азия чемпионатына дайындалуда. 

Өзгелердің жаңалығы