Арина Алтухова əлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

20 Шілде 2023, 13:42
721
Бөлісу:
Арина Алтухова əлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Арина Алтухова жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін нысана көздеуден Ұлттық құрама спортшысы Арина Алтухова Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден 3 позицияда (тік тұрып, жатып, тізерлеп тұрып) оқ атып, 455.7 ұпай жинады.

Бұл жаттығуда Вивьен Джой Джегги (Швейцария) әлем чемпионы атанды. Ол біздің Аринадан 1,6 балл артық жинады. Қола медаль тағы бір швейцариялық Эмели Джеггидің еншісінде.

Айта кетейік, жуырда Арина Алтухова осы бағдарламада ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында күміс медаль жеңіп алған. Сондай-ақ бірнеше ай бұрын Джакартада өткен Әлем Кубогында жеңіске жеткен. Спортшының жеке бапкері – Вероника Скиба.

Өзгелердің жаңалығы