Археологтар Еуразиядағы ең көне әшекей бұйымның жасын анықтады

5 Желтоқсан 2021, 10:33
1527
Бөлісу:
Археологтар Еуразиядағы ең көне әшекей бұйымның жасын анықтады

Алматы, BAQ.KZ. Ғалымдар мамонт сүйегінен жасалған алқаның жасын анықтады. Польшаның Стайня үңгірінен табылған әшекейге 41500 жыл болған. 

Almaty-akshamy-ның мәліметіне қарағанда, дүгінде бұл Еуразия аймағында адамдар жасаған сәндік өнердің ең көне туындысы болып отыр. Зерттеу нәтижелері Scientific Reports журналында жарияланды.

Қазіргі адамдар Орталық және Батыс Еуропаға шамамен 42 000 жыл бұрын қоныс аудара бастаған. Мамонт сүйектерінен жасалған геометриялық ою-өрнектері бар артефактілердің ең ерте табылуы шамамен сол уақыттан басталады. Алайда, осы күнге дейін бұларды әшекей бұйымға жатқызуда қиындықтар туындаған және олардың нақты қай кезде пайда болғанын анықтау тұрғысында мәселелер болды.

Германиядағы Макс Планка эволюциялық антропология интституты, Италияның Болон университеті, Польшаның Вроцлавск университетінің ғалымдары мен Польша ғылым академиясы 2010 жылы Стайня үңгірінде табылған шағын бұйым мамонт сүйегінен жасалған Еуразия аумағындағы алғашқы әшекей бұйым дегенге дәлел келтірді. Оны құрлықтағы Homo sapiens-тің алғашқы өкілдері қолданған көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы