Археологтар Египеттен 3 мың жыл бұрын болған қаланы тапты

9 Сәуір 2021, 11:25
2434
Бөлісу:
Археологтар Египеттен 3 мың жыл бұрын болған қаланы тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Захи Хавасс бастаған мысырлық археологтар 3000 жыл бұрын құм астында жоғалып кеткен Луксордың жанындағы ежелгі қаланы тапты. Бұл туралы мысырлық Ahram Online газеті хабарлады.

Оның іргетасын Мысырдың ең үлкен билеушілерінің бірі, б.з.д. 1391 жылдан 1353 жылға дейін Египетті басқарған 18-әулеттің тоғызыншы патшасы Аменхотеп III қалаған. Бұл қала әйгілі патша мен оның Эхнатон деген атпен танымал ұлы Аменхотеп IV-нің бірлескен регенттігі кезінде белсенді жұмыс істеді.

Көптеген шетелдік миссия бұл қаланы бұрын да іздеген еді, бірақ таппаған. Біз іздеу жұмыстарын Тутанхамонның жерлеу ғибадатханасынан бастадық, өйткені бұл аймақта Хоремхеб пен Эйе храмдары табылған болатын. Қала көшелері үйлермен қоршалған, олардың кейбір қабырғасының биіктігі 3 метрге жетеді. Қала батысқа қарай, әйгілі Дейр-Эль-Мединаға дейін созылып жатыр деп айта аламыз, - деді Хавасс.
Қазба жұмыстары 2020 жылдың қыркүйегінде басталды және бірнеше аптадан кейін команданы қуанышына орай, әр жерден сазды кірпіш кластерлері пайда бола бастаған. Нәтижесінде олар күнделікті тұрмыста қолданатын заттарға толы, қабырғалары мен бөлмелері бар үлкен қаланы тапты. Ол «Жоғалған Алтын қала» атауын алды. Зергерлік бұйымдар, түрлі-түсті саз ыдыстар және патша Аменхотеп III картушасының мөрлері бар сазды кірпіштер сияқты көптеген археологиялық олжа қаланың құрылған мерзімін растады.

Қазба ауданы Мединет-хабудағы Рамсес III ғибадатханасы мен Мемнондағы Аменхотеп III ғибадатханасының арасында орналасқан. Әуелде Египет миссиясы бұл аймақта Тутанхамонның жерлеу ғибадатханасын табу мақсатында іздеу жұмыстарын жүргізіп бастаған еді, бірақ нәтижесінде Египет империясы дәуіріндегі ең үлкен әкімшілік елді мекенді тапты.

Өзгелердің жаңалығы