Аргентинада газ құбыры жарылып, бір адам қаза тапты

Отыздан астам адам зардап шекті. Жарылыстан кейін өрт шығып, жақын маңдағы ғимараттардың тұрғындары эвакуацияланды.

 La Nacion 14 Қараша 2026, 13:17
14 Қараша 2026, 13:17
90
Фото: La Nacion

Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласының маңындағы Ремедиос-де-Эскалада елді мекенінде газ құбыры жарылып, арты өртке ұласты. Салдарынан бір адам қаза тауып, 30-дан астамы жарақат алды.

La Nacion басылымының мәліметінше, оқиғаға жөндеу бригадасының жіберген қателігі себеп болған. Апат MetroGAS компаниясының газ тарату желісін жаңарту жұмыстары кезінде болған. Мердігер ұйымның техникасы орташа қысымды құбырға зақым келтіріп, соның салдарынан газ сыртқа шығып, өрт тұтанып, жарылыс болған.

Бастапқыда 20 адамның зардап шеккені, оның бесеуінің жағдайы ауыр екені хабарланған. Кейін жарақат алғандар саны 30-дан асқан.

Қайталама жарылыс қаупіне байланысты билік жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын, сондай-ақ мектеп, қарттар үйі мен коммерциялық нысандардағы адамдарды эвакуациялады. Оқиға болған аумақта көлік қозғалысы да тоқтатылды.

Наверх