Арендалық пәтер, үй мәселесі: Жастардың баспана мәселесі қалай шешіледі?

20 Мамыр 2022, 11:46
2061
Бөлісу:
Арендалық пәтер, үй мәселесі: Жастардың баспана мәселесі қалай шешіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен парламенттік тыңдауда Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жастардың баспана мәселесі қалай шешілетінін мәлімдеді.

2025 жылға дейін барлық өңірде әкімдіктерімен бірлескен «Отбасы банкінің» жеңілдетілген ипотека бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің өңірлік бағдарламалары 3 аймақта (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) жүзеге асырылып жатыр және жыл соңына дейін тағы 6 облыста (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды және Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары) осындай бағдарламаларды іске қосу қарастырылып отыр, - деді Үкімет мүшесі.

Тоғжановтың айтуынша, 2019 жылдан бері жұмыс істейтін жастарға 7 мың арендалық тұрғын үй берілді (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент). Бұл бағдарлама жалғасын табады. 2025 жылға дейін жұмыс істейтін жастарға 12 мың пәтер беру жоспарланып отыр.

Жыл соңына дейін жалдамалы тұрғын үй беру қағидаларына жастардың айлық табысын растау талаптарын 40 АЕК-тен 25 АЕК-ке дейін төмендету бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Бұл жастардың жалға берілетін баспана алу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Қазіргі уақытта «Отбасы банкінің» жинақ тұрғын үй салымдарында 29 жасқа дейінгі жастардың жалпы сомасы 250 миллиард теңгеден астам 500 мыңнан астам депозиті ашылды. 2025 жылға қарай жастардың тұрғын үй жинақтарының санын 800 мың депозитке жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта жастар арасында тұрғын үй қорын жинақтау мәдениетін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді вице-премьер Сенатта.

Ол тұрғын үй салымын жинақтаудың маңызын біздің жастарымыз түсінуі қажет екенін айтты. Тоғжанов атап өткендей, әрбір отбасының берекесі шаңырақтан басталады. Ол үшін тынымсыз еңбек пен ұқыпты қаржы жинақтау мәдениетінің маңызы ерекше үлкен.

Өзгелердің жаңалығы