Ардагерлерге тегін жүру акциясы

<span style="font-weight: 700;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Samruk-Kazyna Trust»&nbsp; әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен&nbsp; бірлесе</span><span style="font-weight: 700;">&nbsp;отырып,&nbsp; Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне теміржолда жол бойы тегін жүру акциясының өтіп жатқанын хабарлайды.&nbsp;&nbsp;</span>

 2 Мамыр 2019 2019, 22:58
2 Мамыр 2019 2019, 22:58
2195

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен  бірлесе отырып,  Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне теміржолда жол бойы тегін жүру акциясының өтіп жатқанын хабарлайды.  

Бұл акция «Жеңіс» деп аталатын республикалық әлеуметік-қайырымдылық жобаның аясында өтуде.  

"Акцияның шарттарына сай барлық ардагерлер «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты барша бағыттарда және де Компанияның ТМД аумағына жүретін пойыздарында тегін жүре алады. Оларға барлық вагондарда купе және де «Тұлпар-тальго» вагондарында «Турист» пен мүгедектерге арналған арнайы  орындар қарастырылған" - дейді акцияны ұйымдастырушылар.

Сонымен бірге сапар барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлерге тегін тамақ беріледі.

Жол билеттерін рәсімдеу үшін билет кассаларына жеке куәлікпен қоса  Ұлы отан соғысы мен тыл ардагері екенін растайтын құжатты тапсыру керек. 

ТМД аумағына сапар шегетін ардагерлер жол билетін тек Қазақстан Республикасында сатып ала алады.
Наверх