Ардагер және үздік геологтар марапатталды

3 Сәуір 2025, 12:41
416
Бөлісу:
Ардагер және үздік геологтар марапатталды
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін Геолог күніне орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде ардагерлер мен саланың үздік мамандарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 

Құттықтау сөзінде министр Ерсайын Нағаспаев геологтардың еліміздің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.

Ардагер және үздік геологтар марапатталды

Биыл сіздердің еңбектеріңізді бағалап, "Еңбек сіңірген геолог" мемлекеттік наградасы алғаш рет тағайындалды. Бұл Қазақстанның табиғи ресурстарын зерделеу мен сақтауға саналы ғұмырын арнаған мамандардың еңбегін бағалаудағы маңызды қадам, – деді ведомство басшысы.

Ардагер және үздік геологтар марапатталды

Саланы дамытуға қосқан үлесі мен сіңірген еңбегі үшін 28 маман марапаттарға ие болды – ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендері, "Құрмет" ордені, "Қазақстанның еңбек сіңірген геологтары" құрметті атағы, "Ерен еңбегі үшін" медалі, "Еңбек сіңірген геолог" және "Кен орнын алғаш ашушы" төсбелгілері.

Ардагер және үздік геологтар марапатталды
Ардагер және үздік геологтар марапатталды

Марапатталғандардың қатарында сала ардагерлері, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қ.И.Сатпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, "Геологиялық барлау колледжі" КМҚК, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, "Geotek" ЖШС, "Qarmet" АҚ, "Professional Geo Solutions Kazakhstan", "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "Центргеолсъемка" ЖШС, "Бақыршық тау-кен кәсіпорны" ЖШС және т.б. мамандары болды.

Ардагер және үздік геологтар марапатталды
Ардагер және үздік геологтар марапатталды

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан геологтары 2026 жылы қанша жер қойнауын зерттейтіні туралы жаздық.

Өзгелердің жаңалығы