ArcelorMittal Қазақстанмен соттаса алмайды – министр

8 Желтоқсан 2023, 13:55
733
Бөлісу:
ArcelorMittal Қазақстанмен соттаса алмайды – министр
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев BAQ.KZ тілшісінің «Жылдар өткен соң ArcelorMittal Қазақстан үкіметімен «бизнесті тартып алды» деп соттасып жүрмей ме?» деген сұрағына жауап берді.

ArcelorMittal Қазақстан Республикасына ешқандай талап қоймайтынын баса айтқым келеді. Өйткені ArcelorMittal сотқа шағымдану талабынан бас тартатыны туралы келісімге қол қойды. Келісім халықаралық құқық нормалары сақтала отырып жасалды, - деді Шарлапаев.

Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрі ArcelorMittal өкілдерін «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорына 16 млрд теңге жарна аударуға көндіргенін айтты.

ArcelorMittal компаниясынан қорға түсетін қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының денсаулық сақтау, білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға жұмсалады. Бұл соманың 50%-ы Теміртау қаласын дамытуға жұмсалады, ал қалған бөлігі Қарағанды облысына жұмсалады, - деді Өнеркәсіп министрі.

Айта кетейік, бүгін «АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы анықталды. Жаңа инвестор – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев. Ол 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Allur Group» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы, оның құрамында «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бар. Компаниялар тобы Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстан аумағындағы ресми өндірушісі және дистрибьюторы.

Өзгелердің жаңалығы