Әрбір сайлаушыға 4 немесе 5 бюллетень беріледі – ОСК

10 Ақпан 2023, 16:36
1525
Бөлісу:
Әрбір сайлаушыға 4 немесе 5 бюллетень беріледі – ОСК
Фото: vlast.kz

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілген алдағы сайлауға қатысты онлайн-семинарда дауыс берушіге неше бюллетень берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әрбір дауыс беретін адам үлкен қалаларда 4 бюллетень алады. Екеуі Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша: біріншісі 7 партиядан тұратын тізім. Одан бір партияны таңдайды және бөлек бюллетеньде барлық тіркелген кандидаттардан тізім болады. Бюллетеньді берген кезде учаскелік сайлау комиссиясы оны сайлаушыларға түсіндіреді, - деді ол. 

Ал мәслихат сайлауында облыстарда 3 бюллетень, ал Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 2 бюллетень беріледі. Біреуі партиялық тізімдер бойынша, екіншісі бірмандаттық округтер бойынша. Яғни республикалық маңызы бар қалаларда 4, ал өңірлерде 5 бюллетень беріледі.  

Егер байқаушы бір адамға біреуден артық бюллетендер топтамасын берсе, акт жасалады және заңбұзушылыққа сайлау учаскесінің төрағасының назарын аударып, әрбір сайлау учаскесінде берілетін прокуратура телефондарына да хабарласуыңызға болады.  

Айта кетейік, онлайн-семинарды ҮЕҰ академиясының базасында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқауға бағытталған саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері үшін өткізіліп жатыр.  

Өзгелердің жаңалығы