Arbat Fest: Семейде жастар фестивалі өтті

21 Шілде 2023, 11:37
776
Бөлісу:
Arbat Fest: Семейде жастар фестивалі өтті
PHOTO
Фото: Семей қаласының әкімдігі

Семей қаласында «Arbat Fest» жастар фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальге шығармашылыққа қызығушылық танытқан жастар өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. 

Шара Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. 

Arbat Fest: Семейде жастар фестивалі өтті

Арбат-фестивальдің мақсаты - әр түрлі бағыттағы дарынды адамдарды анықтау, өнерлі жастардың басын қосып, қала тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлау, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде ұрпақтар сабақтастығын сақтау. 

Жастарға ұнайды деп үміттенеміз. Фестивальді ұйымдастыру барысында біз қазіргі жастардың трендін басты назарға алдық. Талантты жастарды анықтау, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ жас дарындардың шығармашылық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне қолдау негізгі мақсатымыз, - деп атап өтті Жастар ресурстық орталығының директорның міндетін атқарушы Ерсінбек Өрлеубек. 

Arbat Fest: Семейде жастар фестивалі өтті

Шығармашыл жастар дәстүрлі, эстрадалық, классикалық және заманауи әндерді әуелете шырқап өнерге деген зор талабы мен талантын байқатты. Түрлі билерді нақышына келтіре билеген өнерпаздар көпшілікті талантымен тамсандырды.

Өзгелердің жаңалығы