Қаражал қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

8 Қараша 2019, 23:39
3107
Бөлісу:
Қаражал қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек  Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Жеңіс Қасымбек Нұра ауданы мен Қаражал қаласында жұмыс сапарымен болды.

Шұбаркөлдің пайдалы қазбаларды аршу жұмыстары жүргізіліп жатқан "Центральный" көмір разрезін, коксохимия цехы және "Центр"вахталық кентінің жаңа жатақханасын көріп қайттым. Келесі кезекте 120 орындық осындай 3 жатақхананың құрылысы басталады, - деп жазды аймақ башысы.

Сонымен қатар ол "Полиметалды-Жәйрем" фабрикасының құрылыс барысымен танысты. 

Полиметалл кендерін өңдеу фабрикасы ең заманауи стандарттар бойынша салынуда. Келесі жылы зауытты іске қосу жоспарланған. Өңір үшін бұл – 1000 жаңа жұмыс орны және дамудың жаңа мүмкіндіктері деген сөз. Қазірдің өзінде кәсіпорын әлеуметтік міндеттемелерді өз мойнына алуда, - деді ол.

Оның айтуынша, Жәйрем кентінде 85 пәтерлік бес қабатты үй қалпына келтіріледі. Болашақта бұл үйлер кезектде тұрғандарға үйлестіріледі. Сонымен қатар "Қазцинк" компаниясы өз қызметкерлері үшін тағы екі үйді қалпына келтіреді. 

Бұдан басқа, Жәйрем кентінің кәріз желілерінің сорғы станциясы күрделі жөндеуді қажет етеді. Ол 50 жылға жуық жұмыс істесе де, бірде-бір рет жөндеу көрмеген. Келесі жылы мұнда жөндеу жұмыстары басталады. 

Қаражал қаласындағы №1 орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары 50 жылдан астам уақыт жүргізілген жоқ. Келесі жылы мектептің спортзалының құрылысы мен осы мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Сонымен қатар тағы төрт қалалық мектеп жөндеуден өтеді. Бұдан басқа, 2021 жылға қарай 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салатын боламыз, - деп түйіндеді Жеңіс Қасымбек. 


Өзгелердің жаңалығы