Аралда заңсыз балық аулаушылар көп

2 Қазан 2020, 09:16
1312
Бөлісу:
Аралда заңсыз балық аулаушылар көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арал өңірінде заңсыз балық аулау тыйылмай тұр, деп жазды «Хабар 24». 

Теңіз байлығын рұқсатсыз сүзіп, табиғатқа зиян келтірушілермен күрес шаралары жыл басынан бері 335 рет ұйымдастырылған. Оның аясында табиғат заңнамаларын бұзған 256 дерек анықталса, оның 247-сі балық қорын қорғау қағидаларын бұзумен байланысты. Сот қарауына 84 әкімшілік іс жолданып, тиісті шаралар жүргізілген. 

Нақтылай кетсек, 171 тұлғаға 2 миллион 348 мың теңге айыппұл салынып, оның 93%-і өндірілді. 100 айлық табыс көрсеткіштен жоғары залал келтірсе, Қылмыстық кодекспен жазаланады. Көбі моноталшықтан жасалған Қытай сеткасымен ұсталады. - деді аумақтық инспекцияның Арал бөлімі басшысы Есенбай Есіркепов.


Өзгелердің жаңалығы