Аралас оқыту: Елордалық мектептердегі білім процесі қалай ұйымдастырылады

12 Наурыз 2021, 10:58
3065
Бөлісу:
Аралас оқыту: Елордалық мектептердегі білім процесі қалай ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өтіп жатқан онлайн брифингте қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова баяндады.

Үшінші тоқсанның негізгі ерекшеліктері туралы айтып өтті.

2021 жылдың 1 наурызынан бастап 1-5 сыныптардың, одан басқа халықаралық мектептердің 1-7 сыныптарының оқушылары үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта 1-5 сынып оқушыларының 85 575-і, яғни 88%-ы офлайн режимде оқытылып жатыр. Ал бітіруші 9, 11, 12 сыныптар оқушылары оқуды аралас форматта жалғастырады. Пәндердің 70%-ы дәстүрлі, қалған 30%-ы қашықтан ұйымдастырылады, - деді ол брифингте.

Оқыту кезінде барлық санитарлық талап сақталады.

1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 25 баладан аспайтындай, ал халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары үшін сыныпта 15 баладан аспай отырғызылады. Сабақтардың икемді кестесі, үзілістер мектептердің қамқоршылық кеңестерімен келісілген, - деп түсіндірді Білім басқармасы өкілі.

Ол атап өткендей, созылмалы аурулары бар және байланыста болған 3 360 оқушы ата-анасының өтініші бойынша онлайн форматта білім алып жатыр. 6, 7, 8, 10 сыныптар қашықтан оқытуды жалғастырып жатыр.

Барлық мектептің кіреберісінде дезинфекциялық туннельдер, арақашықтыққа арналған белгілер орнатылған. Дезинфекциялық құралдар сатып алынды. Кварцтау ұйымдастырылады, - дейді Римма Имангазинова.

Өзгелердің жаңалығы