Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының Арал ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұның себебі - құрғақшылық және мал азығының жетіспеушілігі.
Естеріңізге сала кетейік, жауын-шашынның аздығынан жайылымдардың 90%-ы жарамсыз болып қалған. 500-ден астам мал қырылды. Бүгінде өңірдегі жағдай бақылауға алынды. Көрші ауылдарда шабындыққа тартылған еріктілер бригадасы құрылды. Қазір еріктілер Қазалы, Қармақшы және Сырдария аудандарында жұмыс істейді. Ақтөбе облысымен келісім бар. Ырғыз ауданының шаруашылықтары қол жетімді бағамен жем беріп қана қоймай, жайылымдық жерлерін шөп шабу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Қуаңшылық салдарын жою жұмыстарына ауданға шамамен 2 млрд теңге қажет болады. «Қызыл» аймаққа енгізілген 13 округте су үшін 15 ұңғыма бұрғыланады. Жайылымдарды толық пайдалану және ұлғайту үшін 8 канал қазылып, тазартылады. Сонымен қатар біз осы жұмыстарды жүргізу үшін техника орнатуымыз керек, - деді Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов.
Оқи отырыңыз: