Араб елдері өз Кедендік одағын құрмақ

22 Қаңтар 2019, 18:00
3434
Бөлісу:
Араб елдері өз Кедендік одағын құрмақ

Алматы, BAQ.KZ. Бейрутте өтіп жатқан Араб елдері лигасының саммитінде Кеден одағы мен Араб еркін-сауда аймағын құру шешімі қабылданды.

Аталған лига бас хатшысының орынбасары Хусам Закидің айтуынша, бірігудегі басты мақсат – 20 араб мемлекетін азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және үйлесімді дамуда болу.

Аймақтың экономикасы үшін тағы бір маңызды жайт Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясының біріккен криптовалюта құру шешімі болды.

Саммит барысында сондай-ақ, сириялық босқындар мәселесі қаралып, Ливанның СІМ басшысы Джебрал Басиль өз пікірін білдірді. Ол қазіргі миграциялық дағдарысты Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауыр жағдай екенін және оның салдарын әсіресе араб елдері көріп отырғанын жеткізді.
Өзгелердің жаңалығы