Қарағандылық акушер-гинекологтарға Молдовадан келген ДДҰ сарапшысы тренинг өткізуде

25 Шілде 2019, 07:19
1613
Бөлісу:
Қарағандылық акушер-гинекологтарға Молдовадан келген ДДҰ сарапшысы тренинг өткізуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Тиімді перинаталды күтім" атты оқу семинары Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығында өтіп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Семинарға өңіріміздің түрлі емханалары мен перзентханаларынан 34 акушер келді. Дәрістерді Кишинев мемлекеттік медицина және фармация университетінің акушерлік және гинекология кафедрасының медицина ғылымдарының докторы оқуда. Бологан Ион - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұлттық сарапшысы, 11 жылдан астам уақыттан бері қазақстандық медициналық ұйымдармен серіктес. Оның сөзінше, елімізде бүгінгі таңда болып жатқан бағдарламалар жақсы нәтижелер беруде. 

«Қарағандылық дәрігерлердің тәжірибе жинауына мен қуаныштымын, мен әрқашан өз біліміммен бөлісуге дайынмын»,- деді дәрістердің бірінде Бологан Ион.

Оқу 5 күнге созылады. Теориялық біліммен қоса, қарағандылық дәрігерлер іс-тәжірибеден өтеді. Тренингтерде мынадай тақырыптар қозғалады: ана қауіпсіздігі, жүктілік кездегі жұқпалы аурулар, ауыр босану, ең бастысы - қалыпсыз жағдайларда акушерлер өздерін қалай ұстауы керек.

«Жаттықтырушы әр акушер және дәрігермен босану кезінде болуы мүмкін түрлі жағдайларды талқылап, олардан шығу жолдарын көрсетуде. Біз қалыпсыз жағдайлар туындаған жағдайда не істеу керектігін үйрендік»,- дейді Теміртау қаласының Ана мен бала орталығының директоры Сәуле Аманжолова.

Перинаталдық күтім бойынша тренингті Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен "Астана" оқу-клиникалық орталығының Қарағандыдағы бөлімшесі ұйымдастыруда. Оқу курсы аяқталған соң барлық тыңдаушыларға сертификат табысталады.

 

Өзгелердің жаңалығы