Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Отан қорғаушылар күні менҰлы Жеңіс мерекесі қарсаңында облыста «Отан қорғаушылары» акциясы бастау алып, оның аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы күндері облыста мерекелік концерттер, әскери-спорттық жарыстар, фестивальдер мен байқаулар, флешмобтар, ардагерлермен кездесулер өтеді. Жалпы мамыр мерекелерінде облыс бойынша 100-ден астам әр түрлі форматтағы шара өткізу жоспарланған.
Осыдан 27 жыл бұрын 7-мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті еліміздің Қарулы күштерін және Ұлттық ұланды құру жайлы жарлыққа қойды. Бүгінде осы күн Отан қорғаушылар мерекесі ретінде тойланып келеді. Мереке қарсаңында жастардың бойында жаңа қазақстандық патриотизм кағидаттарын қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын дамытып, Қарулы күштердің беделін арттыру мен ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында түрлі шаралар өтуде.
Акция аясында ҚР Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығында салтанатты митинг өтті. Онда офицерлер мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқандардың рухына тағзым етті.
«Бүгінгі күні Ұлттық ұлан аймақтағы қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, заңға қарсы және басқа да қастандықтардан азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау бойынша өзіне артылған міндеттерді атқаратын әскерге айналған», - деді жиынды ашқанҚР Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-мойор Еркін Ботақанов.
Мереке қарсаңында Ұлттық ұланның Қарағандылық бөлімдерінің барлығында мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. «Отан қорғаушылары» патриоттық акциясы аясында Шахтинск қаласында №6505 әскери бөлімінде «Жас сарбаз» әскери-патриотық әндер байқауы өтіп, онда сарбаздан әскери әндерді орындады.
«Елбасы айтқандай жастардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді мектеп қабырғасынан бастап дарыту қажет. Сондықтан да жас ұрпақтың бойынша отансүйгіштік қасиет қалыптастырып, олардың патриоттық тәрбиесін арттыру мақсатында осындай шаралар өткізудің маңыздылығы жоғары», - деді қолбасшы.
Сондай-ақ, қаладағы №21 мектептің кадет сыныбының оқушылары Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен қаһарман полицейлерге арналған мерекелік кеш өткізді. Шараға Қарағанды қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Күлғайша Әбішева, «Халықаралық полиция Ассоциациясы» облыстық филиалының директоры Ася Хегай және 2014 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған, полиция мойоры Ертай Садыбеков қатысты. Мерекелік шарада жас кадеттер патриоттық әндер айтып, өлең оқыды, сахналық көріністер қойып, өздерінің сан қырлы таланттарын көрсетті.
«Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймыз. Қазақстанның жас патриоттары мен кадеттерді тәрбиелеу ісіндегі бірлескен жұмыстарыңызға алғысымда білдіремін. Қазіргі уақытта жас кадеттердің вокалдық ансамблі облыстық іс-шараларда өнерлерін көрсетіп жүр», - дейді №21 мектептің директоры Любовь Горбунова.