Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдағы "Майқұдық" тұрғын үй кешенінің ауласындағы қоқыс контейнерінен бір айлық нәресте табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
3 сәуірде жаңа туған нәресте Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы үй жанындағы қоқыс контейнерінен табылды. Қызды жедел жәрдем бригадасы тексеріп, медициналық мекемеге орналастырды. Ешқандай дене жарақаты жоқ, - деп мәлімдеген облыстық ПД баспасөз қызметі.Мамандардың айтуынша, қоқыс контейнерінен табылған сәби шамамен бір айлық.
Тәртіп сақшылары аталған фактіні тіркеп, баланың анасын іздеу жұмысын бастаған.