Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Жәния Смағұлова Азия елдерінің танымал университеттеріне толық грант алды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Азиядағы беделді ЖОО-лар арасында Оңтүстік Кореядағы Ульсандық Ұлттық Ғылым және технология университеті (UNIST) және Гонконгтың Қытай университеті бар.Ұзақ ойланғаннан кейін Жәния Ульсандық Ұлттық Ғылым және технология университетін таңдады. Университет Оңтүстік Кореяның өнеркәсіптік астанасы – Ульсан қаласында орналасқан. Оқу орны 2009 жылы құрылды, бірақ өз зерттеулерінің арқасында қысқа уақыт ішінде әлемдік деңгейдегі университет деңгейіне көтерілген.
UNIST – Оңтүстік Кореядағы ең үздік университеттердің бірі. Мен үшін олардың қатарында болу үлкен құрмет. Университет маған жан-жақты дамуға және креативті және талантты студенттермен жаңа жобалар жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын, - дейді Жәния.
Университетте қарағандылық түлек Халықаралық экономика мен қаржыны зерттеймін деп жоспарлап отыр.
Болашақта мен осы сала бойынша дамуды жалғастырып, біздің экономикамыздың өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді, - деп атап өтті ол.