Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда еріктілер қарияның қар басқан үйін тазалады

31 Қаңтар 2020, 13:19
2570
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандылық студенттер қалың жауған қар мен бораннан кейін қар үйіндісінің астында қалған қарттарға көмектесуде.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды "Волонтер жылы" деп жариялаған еді. Осыған орай еліміздің әр түкпіріндегі жастар мемлекет басшысының идеясын қолдап, #бізбіргеміз акциясына қуана атсалысуда. Осындай игі істің бірін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Журналистика кафедрасының студенттері іске асырды. Олар 80-нен асқан қарияның үйінің қарын тазалап, алғысқа бөленді.

Биылғы "Волонтер жылы" өткен "Жастар жылының" заңды жалғасы деп санаймыз. Сондықтанда осы жылға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Біз "Қоғаммен байланыс" мамандығында білім аламыз. Атынан айтып тұрғандай қоғаммен тығыз байланыста болуды мақсат етеміз,- дейді ҚарМУ-дың 1-курс студенті Айтолқын Рахымжанова.

ерык1.jpg

Жастар "Волонтер жылында" қариялардың үйінің қарын тазалап беруге дайын екендіктерін әлеуметтік желілерге жариялаған.

Біздің жарнамамызды оқыған 80 жастағы қария хабарласып, көмектесуімізді сұрады. Әжейдің немересінен басқа ешкімі жоқ екен. Топтағы барлық студенттер бірлесе әжейдің үйінің маңындағы қарды қуана тазалап бердік. Қарияның риза болғаны соншалықты бізге алғысын қалай жеткізерін білмеді. Тобымызда 8 студент бар. Барлығымыз да аталған акцияны әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырмыз, - дейді студенттер.

ерык2.jpg

Қарағандыда бірнеше күн тоқтаусыз соққан бораннан кейін үйлерін қалың қар басқан қарттарға көмек қолын созуды қолға алған жастар болашақта өз мамандықтарының білікті маманы болуды көздейді.


Өзгелердің жаңалығы