Қарағандыда Чак-чак байрам мерекесі атап өтілді

26 Қараша 2019, 02:34
4016
Бөлісу:
Қарағандыда Чак-чак байрам мерекесі атап өтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласындағы Достық үйінде қазақстандық татар және башқұрт конгресінің өкілдері чак-чак байрам мерекесін атап өтті, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мерекеге басқа да этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды.

Мерекенің басты тақырыбы ұлттық чак-чак десерті болды. Оның әртүрлі нұсқада дайындалған үлгілері ұсынылды. Қонақтарға ұлттық салт-дәстүр мен татар киімдері көрсетілді. Концерттік бағдарламаға ұлттық әндер мен билер кірді.

Жиналғандарды Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ директоры Ерлан Құсайын құттықтады.

Этностық мерекелер әрқашанда түрлі этностар мен діни наным-сенімдер адамдарының қарым-қатынасына ықпал етті. Бірыңғай тату отбасында біз бірге елдің игілігі мен өркендеуі үшін жаңа Қазақстанды құрудамыз, - деді ол.

Мереке соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шамиль Осин мерекенің белсенді қонақтарына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.
 

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы