Қарағандыда бірыңғай байланыс орталығы ашылды

20 Желтоқсан 2019, 04:27
3769
Бөлісу:
Қарағандыда бірыңғай байланыс орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Senim 109 бірыңғай байланыс орталығы Қарағандыда пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан былай қҚала тұрғындары коммуналдық мәселелерге, медициналық қызметтерге, білім беруге, қоғамдық көлік жұмысына және т.б. қатысты сұрақтармен, ұсыныстармен және шағымдармен жүгіне алады.

Барлық өтініштерді мамандар өңдеп, тиісті мемлекеттік органдарға беретін болады. Мекемелер шағымның себебін қысқа мерзімде анықтап, жоюға міндетті болады.

Байланыс орталығына ұялы және қалалық телефоннан 109 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады. Жүйеге Қарағанды қаласының 60-тан астам мемлекеттік мекемесі қосылды. Операторлар демалыс және мереке күндері 8.00-ден 20.00-ге дейін жауап береді.

Сондай-ақ байланыс орталығына Facebook әлеуметтік желісіндегі Senim 109 парақшасы арқылы шығып, хабарласуға болады. Әлеуметтік желілердегі барлық хабарламалар #senim109 хэштегімен белгіленіп, 25 символдан кем болмауы тиіс. Шағым мен ұсынысты senim109.kz Telegram бот-қа және senim109.kz интернет-порталына жіберуге болады

Әзірге қызмет қарағандылықтардан ғана өтініштер қабылдайды. Болашақта сервисті облыстың барлық тұрғындары үшін қолжетімді ету жоспарлануда.


Өзгелердің жаңалығы