Қарағандыда "Бейбітшілік және келісім" сабағы өтеді

30 Сәуір 2020, 06:57
2436
Бөлісу:
Қарағандыда "Бейбітшілік және келісім" сабағы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы Қарағанды облыстық филиалы "Бейбітшілік және келісім" сабағын өткізеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

ZOOM платформасында өтетін сабаққа "Құлыншақ" балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысады.

Біздің республикамызда, осы мейірімді және жомарт жерде ғасырлар бойы түрлі этностардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Мұнда бейбітшілік пен өзара түсіністік орнаған. Біздің болашағымыз – Қазақстанның болашағы осыған байланысты. Біз балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетеміз, - дейді облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Увайс Жанаев.

 

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай сабақтар патриоттық сезімді оятып, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырады.



Өзгелердің жаңалығы