Қарағанды облысының экономикасында өсім сақталып отыр

12 Мамыр 2020, 00:27
1453
Бөлісу:
Қарағанды облысының экономикасында өсім сақталып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпіні сақталуда. Төрт айдың қорытындысы бойынша көрсеткіштердің өсімі барлық бағыттар бойынша байқалады. Бұл туралы облыс әкімдігінде селекторлық режимде өткен аппарат кеңесінде белгілі болды.

Өнеркәсіпте өсім 4%-ға дейін болады деп күтілуде, көлем 840,9 млрд теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығында күтілетін өсім - 2%, құрылыста - 13,2% . Негізгі капиталға инвестициялар 156,3 млрд теңге көлемінде, 8% өсіммен болжануда, - деді Экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов. 

Өңірде темір және мыс кендерін өндіру, жалпақ илем, мыс, тазартылған алтын мен күміс өндірісі ұлғайды, деп атап өтті ол. Тау-кен өнеркәсібінде өсім кемінде 7%, өңдеу өнеркәсібінде-2% құрайды.

Жаңа қарағандылық кәсіпорындарда ферроқорытпалар мен құрамында алтын бар доре құймалар өндірісі дамитын болады.

Төрт айда облыста 142,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1% өсті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, сыртқы сауда айналымының көлемі 1 млрд АҚШ долларынан асты. Жалпы, 2020 жылға облыс экономикасының өсуі 3% деңгейінде жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, облыста дағдарысқа қарсы шаралар аясында Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша биыл 63,7 миллиард теңге сомасына 625 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Аталмыш жобаларда 16 мың жұмыс орындары құрылады. Оның жартысы Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылады.

"Ауыл - Ел бесігі" арнайы жобасы бойынша мыңнан астам жұмыс орнын құруды қарастыратын 47 жобаға қаражат бөлінді. Ауылдық мектептер, мәдениет үйлері, кентішілік жолдар, су құбырлары және басқа да нысандар жөнделетін болады.

Өзгелердің жаңалығы