Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында екі жерге блок-бекет қойылды. Аймақта бүгіннен бастап карантин талаптары күшейді, деп хабарлайды 24.kz.
Оған өңірде коронавирус жұқтырғандар санынан артуы себеп болып отыр.Мысалы, Жезқазған маңында Қарқаралы ауданында және Шет ауданының Жарық ауылында тосқауыл бекеттер қойылды. Мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекемелердің мамандары негізінен қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Сауда және қоғамдық қызмет көрсету орындарының жұмыс кестесіне өзгеріс енді. Қарағанды өңірінде қазіргі кезде 1 мың 342 тұрғыннан қауіпті вирус анықталған.