Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстарына кірісті

4 Мамыр 2020, 13:28
1282
Бөлісу:
Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстарына кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының бірнеше аудандарында шаруалар дәнді-дақылдар егу жұмыстарына кірісті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов мәлім етті.

Дәнді-дақылдарды егуге Абай, Бұқар Жырау, Жаңаарқа және Шет аудандарының шаруалары кірісті. Қазіргі таңда барлығы 21,9 мың гектар алқапқа егін егілді. Оның ішінде 12,8 мың га жерге бидай егілген. Абай ауданында 65 га картоп, 25 га басқа да көкөніс өсірілуде.

Қалған аудандарда топырақты дайындау жұмыстары аяқталуда. 96 мың гектар жерде егіс алдындағы өңдеу, ал 33 мың гектарға көктемгі өңдеу жүргізілді.

Фермерлер дизель отынымен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнге дейін 3 977 тонна жөнелтілді.

Өзгелердің жаңалығы