Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар анықталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 24 Тамыз 2020 2020, 10:47
24 Тамыз 2020 2020, 10:47
1824

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдың 30 шілдесінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қаржы (инвестициялық) пирамидасын ұйымдастыру фактісін анықтады, - делінген хабарламада.

Қылмыстық схема азаматтардың тұтыну кооперативінің активтерді қайта бөлу арқылы жеке тұлғалардан ақша тарту және кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байытуды қарастырады (кіру жарнасы - 180 мың теңге).

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 217-бабының 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Наверх