Қарағанды облысында AgroSkills чемпионаты өтеді

16 Мамыр 2019, 19:19
2280
Бөлісу:
Қарағанды облысында AgroSkills чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда "Индустрия 4.0: қазақстандық кәсіпорындар үшін мамандар даярлаудағы STEM-технологиялар" Халықаралық форумы өтті. Ол кәсіби білім берудің жаңа трендтерін жасау алаңына айналды.


Кездесуде бас қосқандар осы салада және тұтастай алғанда колледж бағдарламаларында қандай өзгерістер енгізу керектігі жайлы сөз қозғады. 

"Бүгін маңызды кездесу өтіп жатыр. Біз кәсіптік білім беруді жетілдіру мәселелерін талқылаймыз. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылды, үлкен заңнамалық өзгерістер болды. Дегенмен, әлі де көп сын естіледі және олар негізсіз емес екенін мойындау керек. Басты мәселе - білім мазмұны мен түлектердің сапасы. Бұл мазмұнды қалай жаңартуға болады, сұранысқа ие мамандарды дайындау үшін, жұмыс берушілерге қажетті құзыреттіліктер жайлы сөйлесейік", - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетов.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, әлеуметтік серіктестікті дамыту, "Мектеп – колледж – ЖОО – жұмыс беруші" одағын құру қажет. Облыста 7 аймақтық құзырет орталығы және екі өңіраралық орталықтар жұмыс істейді. Колледждер мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылының бұл түрі өзінің тиімділігін көрсетуде және осындай орталықтарды көбірек құру қажет екені айтылды.

Форумда кадрларды даярлаудың кластерлік моделін енгізу, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан сертификаттау орталығын құру, мектептер жанындағы оқу-өндірістік комбинаттарды жаңғырту ұсынылды.

Кәсіптік бағдар беру тәжірибесімен Шахтинск қаласының білім беру бөлімінің басшысы Николай Онсович бөлісті. Орта буын оқушыларының болашағы туралы сөз болғанда, мектеп пен колледж – бәсекелестер емес, серіктестер, деп атап өтті ол.

Қазақстандағы WorldSkills академиясының ректоры Манен Омаров осы қозғалыстың маңызды мәні туралы айтты. Ол агро-құзыреттер бойынша алғашқы ұлттық чемпионатты Қарағанды облысында өткізу туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Оның айтуынша, өңірде мықты ауыл шаруашылық колледждері жеткілікті. Студенттер әртүрлі мамандықтар бойынша жарысқа қатысуға дайын, болашақта халықаралық чемпионаттарда елдің намысын қорғап, таныстыру үшін жеңіске жетуге дайын екені тілге тиек етілді. 

"Негізінде, сапалы жұмыс жүргізуге, бағдарламаларды қайта құруға арналған алаң бар. Енді барлығы біздің өзімізге байланысты", - деді Асхат Аймағамбетов.

Облыс әкімінің орынбасары кәсіби білім беру сапасын арттыруға, пилоттық жобаларды жүзеге асыруға, жастарды жұмыспен қамтуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Облыста қажетті мамандықтардың атласы құрылады, ал колледждерде еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтарды ашуды жалғасады. Күзде жұмыс берушілер форумын өткізу жоспарлануда.

Форум аясында Н. Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатта бірінші облыстық "Индустрия 4.0 - STEM білім беру" фестивалін өткізді. Оқушылар үшін гидропоника, IT, моделдеу, CLIL, Packet Tracer және т. б. түрлі бағыттар бойынша шеберлік-сыныптар ұйымдастырылды.
Колледж базасында халықаралық деңгейдегі отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен пікірталас алаңдары өтті. 

Өзгелердің жаңалығы