Қарағанды облысында 27 жыл бұрын болған қылмыс ашылды

5 Наурыз 2020, 19:54
1799
Бөлісу:
Қарағанды облысында 27 жыл бұрын болған қылмыс ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының полицейлері 1993 жылы болған қылмысты ашты. 

1993 жылдың 6 қарашасында "Алматы-Екатеринбург" тасжолында 28 жастағы "КамАЗ" жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті хабарлады.

Ол "Москвич" көлігімен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Апат салдарынан "Москвич" жүргізушісі және екі жолаушысы қайтыс болған. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.

ҚазССР ҚК 3-бөлігі 217-бабы (қазір ҚР ҚК 4-бөлігі 345-бабы) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жүк көлігінің жүргізушісіне іздеу салынады. 2020 жылдың 4 наурызында кім екені анықталады. Ер адам Мәскеуде жалған құжатпен тұрып жатыр екен. Қазір ол 55 жаста. Күдікті Ресей ІІМ Очаково-Матвеев ауданындағы тергеу изоляторына қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі ҚР Бас прокуратурасы арқылы шешіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы