Қарағанды облысына 250 мың медициналық маска жеткізілді

18 Наурыз 2020, 07:50
1456
Бөлісу:
Қарағанды облысына 250 мың медициналық маска жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылықтарға аймақтағы коронавирус жағдайы туралы күн сайын хабарланатын болады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев айтты.

Қазіргі таңда 47 қарағандылық карантинде жатыр, олар тәулік бойына дәрігерлердің бақылауында. Олардың барлығы 1А - Италия, Иран, Оңтүстік Корея, ҚХР мемлекеттерінен келген.

Үй карантинінде – 52 адам, медициналық бақылауда - 155 адам жатыр. Тағы 260 адам дәрігерлердің қашықтан мониторингілеу шарасымен қамтылған. Оларда коронавирус белгілері жоқ.

Бүгінгі таңда 250 мың бетперде әкелініп, олар «Биосфера» дәріханасына жеткізілуде. Апта соңына дейін өңірге тағы 200 мың бетперде жеткізіледі, - деді Ержан Нұрлыбаев.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде дезинфекциялық ерітінділер өндірісі бар.
Дезинфекциялық құралдардың алыпсатарларының жолын кесу үшін олар денсаулық сақтау басқармасының рұқсат қағазы бойынша беріледі. Біздің іс-әрекеттеріміздің ашықтығын қамтамасыз ету үшін біз әлеуметтік желілерде дезинфекциялық құралдарды алатын күндер, тиеу көлемі және ол құралдарды алушылар туралы ақпаратты орналастыратын боламыз, - деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ол сондай-ақ облыста маскалар мен антисептиктерді сатып алуға қаражат бөлінетінін айтты. Олар денсаулық сақтау, полиция, ХҚКО және басқа да бөлімшелердің қызметкерлерін қамтамасыз етеді. Бұлар адамдармен тұрақты әрі тығыз байланыста жұмыс істейтін мекеме өкілдері.

Қарағанды облысының стационарларында карантин жарияланды. Келушілерді науқасқа кіргізбейді, бірақ қажетті заттар мен азық-түліктерді белгіленген уақытта беруге болады. Денсаулық сақтау басқармасының мамандары ТЖ режимі кезінде адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуды сұрайды. Қазақстандықтарға үйде қалуға, отбасылық жиындардан және іс-шаралар өткізуден бас тартуға кеңес береді. Коронавирусты алдын алу үшін қолды және бетті сабынмен жиі жуу қажет.

ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда дәрігерді үйге шақыру керек.

Аймақта COVID-19 вирусы туралы ақпаратқа алу үшін денсаулық сақтау басқармасының (8-7212) 955-559 шұғыл желі телефоны бойынша хабарласуға болады.



Өзгелердің жаңалығы