Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы дүниеден өтті

12 Шілде 2020, 15:12
2927
Бөлісу:
Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы дүниеден өтті

Нұр-Сүлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Нұрпейісов Бақдаулет Бақтиярұлы дүниеден өтті. 

Бұл туралы Қарағанды облысының судьялар қауымдастығының төраға Нұрсерік Шәріпов хабарлады.
Қарағанды облысының судьялар қауымдастығы атынан әріптесіміз – Соттар әкімшісінің басшысы Нұрпейісов Бақдаулет Бақтиярұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған - туыстары мен отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл - бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш... Бақдаулет Бақтиярұлы біздер үшін тек әріптес қана емес. Ол - үлгілі әке, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін! Сот саласына, оның ішінде Қарағанды облысы соттарының қызметін қамтамасыз етуге сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады, – деп жазды Қарағанды облысының судьялар қауымдастығының төраға Нұрсерік Шәріпов.
Өзгелердің жаңалығы