Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды әкімі облыс айналасындағы айналма жолдар мен өңірдің орталық жолдарындағы жағдаймен танысты. Бұл туралы аймақ басшысы Ж. Қасымбек Facebook-тегі парақшасында жазды.
Солтүстік және Шығыс айналма жолдарды қайта жаңарту аясында Қарағандыдан Алматыға, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бағыттары бойынша жеті көлік айырығын салу жоспарланған. Қазір жаңа жолда төрт жолақты 1-санаттағы жеңіл көліктерге арналған жол желісі ашылды, - деп жазған әкім.
Өңір басшысының айтуынша, құрылыс маусымында абаттандыру, жарықтандыру, белгілерді және қоршауларды орнатылмақ. Сонымен қатар жұмыстарды 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.
Облыс орталығының санитарлық жағдайына байланысты ескертулердің көптігін, еріген қар жолдардағы, тротуарлар және аулалардағы қоқыс дұрыс тазаланбағандығын көрсеткендігін жазған.
Қаланың көп бөлігінде қызмет көрсететін "ГорКомТранс" мекемесінің жұмысында қоқысты шығару кестесінен айтарлықтай артта қалушылық байқалады, - деді.
Жеңіс Қасымбек қала әкімдігі мен мердігер ұйымдар 3 күн ішінде проблемалық учаскелерді ретке келтіруге тиісті екендігін де атап өткен.