Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағанды көлік прокурорлары 2 мыңнан астам теміржолшыға арнайы киім берілуіне ықпал етті

20 Ақпан 2019, 15:12
2917
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды көлік прокуратурасы теміржол саласының 2016 жұмысшысына қысқы арнайы киім берілуіне қол жеткізді. 

ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, «ҚТЖ» АҚ-ның «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы еңбек заңнамасын бұза отырып, өз қызметкерлерін 2018-2019 жылдардың қысқы маусымына арналған жылы костюмдермен, етіктермен, қолғаптармен және басқа да қысқы киіммен толық қамтамасыз етпеген.

ҚТЖ ұжымдық шартының талаптарына сәйкес теміржолшылардың қысқы киіммен жасақталуы жыл сайын 1 қазанға дейін жүзеге асырылуы тиіс.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша барлық қызметкерге қысқы киім-кешектер берілді, мекеменің жауапты лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы