Құлсары қаласының тұрғыны Жайлаш Мұқанова мен әр шаршы метрге 400 мың теңге деген ауадан алынған ақшаны сұрамаймын.Үйімнің әр 1 шаршы метрі 240 мың теңгеден бағаланса ризамын деген ойын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен бұған дейінгі сұхбаттарымда да айттым. Мен әр шаршы метрге 400 мың теңге деген ауадағы ақшаны сұрамаймын. Маған қанағаттанатын сома берсе болды. Үйімнің әр 1 шаршы метрі 240 мың теңгеден бағаланса ризамын. Егер менің үйім 25 млн теңгеге бағаланған болса, маған әр шаршы метрге 240 мың теңгеден төленгені тіптен тиімді,- деді Құлсары қаласының тұрғыны Жайлаш Мұқанова.