«Әр қазаққа бір кітап»: Kitaptime кітап фестивалі өтіп жатыр

23 Қыркүйек 2022, 13:42
2061
Бөлісу:
«Әр қазаққа бір кітап»: Kitaptime кітап фестивалі өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Ұлттық академиялық кітапханада «Kitaptime – 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі өтіп жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан кітап фестивалі 18.00-ге дейін жалғасады. 

Бұл фестивальдің басты мақсаты – жазушыларымызды, ақындарымызды жастарға жақындату, кітапқа деген қызығушылықты арттыру. Бұл тек бастама деп ойлаймын, - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құттықтау сөзінде. 

«Әр қазаққа бір кітап»: Kitaptime кітап фестивалі өтіп жатыр

Фестивальға шетелдегі отандастарды қазақтың ақын-жазушыларымен, публицистердің әдеби шығармашылығымен таныстыру, қазақ тілін сақтауға және үйретуге, ұлттық санасын жаңғыртуға, тарихи отанына қызығушылығын қалыптастыруға оң ықпалын тигізіп жүрген «Отандастар» қорының өкілі қатысып, Ұлттық кітапханамен «Әр қазаққа бір кітап» акциясын бастағанын хабарлап, оған атсалысуға шақырды. 

«Әр қазаққа бір кітап»: Kitaptime кітап фестивалі өтіп жатыр

Қандастарымыз «Отандастар» қорымен өткен кездесулерде қазақтың көркем әдеби шығармалары мен тарихи кітаптарының жетіспеушілігін жиі айтады. Осы орайда, қор Ұлттық кітапханамен бірлесе отырып «Әр қазаққа бір кітап» акциясын бастады. Іс-шараның басты мақсаты халқымыздың әдебиеті, тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін кітаптарды алыс-жақын шетелдерде тұратын қандастарға табыстау. Ендеше «Кітап қорын жинайық, шетелдегі қандастарға сыйлайық» деген ұранмен баршаңызды кітап жинау акциясына белсене қатысуға шақырамын, - деді «Отандастар» КЕ АҚ президенті Абзал Сапарбекұлы.

Осы акцияны Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қолдап, кітап сыйлады. 

«Әр қазаққа бір кітап»: Kitaptime кітап фестивалі өтіп жатыр

Фестиваль аясында кітап көрмесі мен жәрмеңкесі, буккросинг, бас редакторлармен кездесу, ақын-жазушылардан қолтаңба алу, поэзия кеші сияқты көптеген мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал қатысушылар арасында Маралтай Райымбекұлы, Елена Әбдіхалықова, Айгүл Ісмақова, Дәулеткерей Кәпұлы сияқты зиялы қауым өкілдері бар.  

Кітапқа деген ықылас, ниет қазір дұрысталды. Елдің бәрі кітап оқитын болды. Осыдан бірнеше ай бұрын министрлік қолдауымен Алматыда ашық аспан аясында үш күнге созылған кітап жәрмеңкесі болды. Сол кітап тойы Қазақстанға жайылып, барлық облыс орталықтарында етек алды. Бүгін де жалғасын тауып жатыр, - деді ақын Маралтай Райымбекұлы. 

Өзгелердің жаңалығы