Әр өңірде жаңа мамандықтар атласы даярланатын болады – Саясат Нұрбек

19 Тамыз 2022, 15:27
1555
Бөлісу:
Әр өңірде жаңа мамандықтар атласы даярланатын болады – Саясат Нұрбек

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әр өңірінде жаңа мамандықтар атласы дайындалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомства басшысының айтуынша, мамандық даярдауда еңбек нарығының талабын ескеру қажет.

«Мамандығым – болашағым» жобасы аясында әр өңірде жаңа мамандықтар атласы дайындалады. Ол бағдарлама былтыр Павлодар облысында тәжірибе жүіздегі жоба ретінде іске асырылған еді. Енді әр өңірдің өңірлік атласы, әр саланың атласы болады. Бүкіл балаға, әр отбасына нақты еңбек нарығының талабы, сұранысы, еңбек нарығы ұсынатын мамандықтар тізбесі беріледі. Біздің жоғары оқу орындарымыз жаңа білім беру бағдарламаларын осы атластармен, яғни еңбек нарығының талабымен ұштастырады, - деді Саясат Нұрбек республикалық тамыз конференциясы барысында.

Бұған дейін министр Саясат Нұрбек келер жылы мектеп оқушыларына мамандық таңдауға көмектесетін арнайы жоба туралы айтқан еді.

Кәсіптік бағыттау кезеңінде жоғары біліммен байланыс орнатылады. Сол себепті кәсіптік бағыттау кезеңі өте маңызды. Биыл жаңа оқу жылынан бастап нақты шараға көшеміз. Біздің ұлттық тестілеу орталығымыз ұлттық тестілеудің алдында кәсіптік бағыттау функциясын іске қосады. Оқушыларға өзінің қарым-қабілетін анықтайтын арнайы тест енгізетін боламыз. Келесі жылдың басынан бастап бүкіл үміткерлер біріншіден, кәсіптік бағыттау қабілеттерін анықтап алуға мүмкіндік беріледі. Талапкерлер алдымен өз қызушылықтары мен қабілетін біле алады. Тестте үміткердің өзіне сай келетін мамандықтар тізімін таңдай алады, - деді  Саясат Нұрбек. 

Өзгелердің жаңалығы