Әр өңір үшін жол құрылысына арналған киім үлгілері жасалады

17 Қазан 2022, 13:45
1479
Бөлісу:
Әр өңір үшін жол құрылысына арналған киім үлгілері жасалады

Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының базасында жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы құрылған. 

Қазір карьер материалдарының сапасын, битум зауыттары, сондай-ақ жаңа технологиялар мен климат ерекшеліктері, геологиялық және гидрогеологиялық деректер бойынша ақпараттар жинақталып жатыр. Аталған институт әр өңір үшін қозғалыс қарқындылығы мен есептік жүктемені ескере отырып, жол киімдерінің үлгілік конструкциясын жасайтын болады, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол Бірыңғай базаның деректері жобалау және құрылыс кезінде басшылыққа алынады деп отыр. 

Елімізде ғылымды, материалдардың электрондық базасын және жаңа технологияларды дамыту жолға қойылады. Әлемде жол саласында ғылымды қолдауға жыл сайын саланың барлық бюджетінен 0,2-ден 2%-ға дейін, атап айтқанда АҚШ-та-2%-ға, Корея мен Ресейде - 0,2%-ға, ал Қазақстанда - 0,003%-ға дейін бөлінеді, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы