Қарқаралыда жаңа тұрғын үйлер салынуда

26 Қазан 2019, 04:42
1645
Бөлісу:
Қарқаралыда жаңа тұрғын үйлер салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарқаралы қаласында қолжетімді тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Келесі жылы баспана кезегінде тұрған тұрғындар үшін төрт үй тапсырылады. Жалға берілетін пәтерлердің кілттерін 72 отбасы алады.  

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің ауданға жұмыс сапары барысында белгілі болды. 

Өңір басшысы құрылыс жұмыстарының қарқыны, сапасы және отандық өнімдерді қолдану барсымен танысты.  Жеңіс Қасымбек мердігерлерді жергілікті жұмысшыларды тартуға шақырды.

Облыс әкіміне тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты алдағы жоспарлары туралы айтылды. Келесі жылы тағы екі үйдің құрылысы басталады. 

Қарағандыда дәрігерлер үшін де тұрғын үй мәселесі шешілуде. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, жатақхананың ескі ғимараты қайта жаңартылады. Жөндеуден өткен 27 пәтер жас мамандарға беріледі.

Қарқаралыда аймақ басшысы сонымен қатар бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Жеңіс Қасымбек балалар мен жасөспірімдер орталығында ауыл еріктілерімен кездесті. 

"Көріп отырғандарыңыздай, сіздердің ауданда жағдай жақсарып келеді. Жастар үшін көп нәрсе жасалуда. Мысалы, бұл орталықта әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді, жас туристер мен натуралистер станциясы бар. Сіздер коворкинг орталығында кездесіп, белгілі бір мәселелерді талқылай аласыздар. Қарқаралы қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда, онда волейбол, күрес, футбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға арналған залдар бар", - деп атап өтті облыс әкімі. 

Ол жастардан күрмеулі мәселелер болса, олар туралы айтып отыруды сұрады. 

Сонымен қатар аймақ басшысы  Қарқаралы ауданында 200 жыл бұрын орналасқан аудандық мұрағатта болды. Мекемеге құжаттарды сақтау стандарттарына сәйкес келетін заманауи үй-жай қажет. Аудан әкімі Халел Мақсұтовтың айтуынша, құрылысқа арналған жер телімі табылған. Жеңіс Қасымбек оған ЖСҚ әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

 


Өзгелердің жаңалығы