Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қарқаралы ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 18 жоба жүзеге асырылуда. Оған жұмыссыздар қатарынан 126 адам тартылмақ. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлы хабарлады.
Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша Қарқаралы ауданында су құбыры желілерін салып, жөндейтін болады, жолдар, денсаулық сақтау және білім беру нысандарын ретке келтіреді.
Қазір 18 нысанның 15-інде жұмыстар басталып кетті. Ал қалған үшеуінде осы апта бойы жұмыстар жүргізіле бастамақ.
Ауқымды жөндеу жұмыстары ауданда 126 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген, оның 85-і бойынша адамдар жұмысқа орналасқан.
Қазір көбіне қарапайым жұмыскерлер сұранысқа ие. Барлық жобаларда - жөндеу және құрылыс жұмыстарының мамандары керек, бірақ су құбырының құрылысына техниканы басқара алатын қызметкер қажет, - деді Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары.