Ақжарқын Тұрлыбай ісі: іздеуде жүрген күдікті ұсталды

21 Маусым 2022, 08:08
1407
Бөлісу:
Ақжарқын Тұрлыбай ісі: іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шет мемлекеттің территориясында Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті ретінде танылған Нигерия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Бұған дейін оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Бұл туралы журналистерге отандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов мәлім етті.

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов шетелдік азаматтың ұсталғаны туралы алдын ала белгілі бір ақпаратқа сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

Алдын ала ақпарат бойынша, шет мемлекеттің территориясында 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне - "Джонни" ұсталды. Осы негізде ақпарат алу үшін ҚР ІІМ-ге адвокаттық сұрау жолдадым, - деді Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов

Айта кетелік, 2015 жылы ҚР ІІМ Нигерия азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Оған есірткі контрабандасы бойынша айып тағылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Ақжарқынның қорғаушылары оны Қазақстанға қайтаруды талап етеді.

Өзгелердің жаңалығы