«Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі – Шымкент

6 Қараша 2023, 00:15
576
Бөлісу:
«Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі – Шымкент
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің «Ақжар» қосалқы станциясының құрылыс жұмыстарымен танысуында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыдан төрт жыл бұрын құрылысы басталған нысанның жалпы аумағы 732 шаршы метрді құрайды. Қазіргі кезге дейін 13,6 шақырымға кабель тартылды.

Станцияға 110 кВ-тық трансформатор, «Забадам» қосалқы станциясынан «Ақжар» қосалқы станциясына дейін ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын 110 кВ-КЛ жабдықтары орнатылады.

Жоспар бойынша нысан құрылысы 2024 жылдың сәуір айында аяқталады. Жаңа қосалқы станция іске қосылғанда 50 мыңға жуық халық және сол аумақтағы бизнес объектілері сапалы электр қуатымен қамтылады.

Өзгелердің жаңалығы